Аудиторлар Назарбаев зияткерлік мектептерін тексеріп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанның жоғары аудиторлық палатасы бірнеше салада тексеріс шараларын аяқтауға жақын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан палатаның ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде президенттің тапсырмасы бойынша Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында 2022-2023 жылдарға арналған бюджеттерге аудит жүргізілді.

"Сонымен қатар жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтауда. Атап айтқанда аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға баға белгілеуді реттеудің тиімділігі тексеріледі. "СК-Фармация" ЖШС бірыңғай дистрибьютерінің сатып алу рәсімдеріне де баға беріледі. Аудиторлық шаралар биыл маусымның аяғына дейін аяқталады. Ал оның қорытындылары мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары мемлекет басшысына ұсынылады.