АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Астанада аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша жарыссөз өтіп жатыр.
Айта кетері, Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша алқабилер үкім шығарады. Барлығы 12 алқаби бар, оның 10-ы негізгі, екеуі қосалқы. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды.
Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).