Шығыс Қазақстанда Бұқтырма арнасынан асып, үйлерді су басты

Sputnik
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Бұқтырма өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 5 тұрғын үй мен 24 үй маңындағы жерлерді су басты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Семей, Өскемен қалаларынан келген ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ ҚР ТЖМ 68303 бөлімінің әскери қызметшілері алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін елді мекенге кетті. Қазіргі уақытта су бұру үшін арнайы техника тартылды. Тұрғындар эвакуациядан бас тартқан.",- делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, аймақта оқушылар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылған.