АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Осыдан тура 79 жыл бұрын, 1945 жылдың 30 сәуірінде лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов фашистердің оқының астында Рейхстагтың орталық бөлігіне жақындап, бірінші болып бас кіреберістің баспалдағына қызыл ту тіккен.
Осы атаулы датада Ресей әскери атташесінің қызметкерлері Рахымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
"Бүгінгі салтанатты шара 30 сәуірде Рейхстаг колоннасына алғашқы шабуыл туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен оның барлаушылар тобының ерлігіне арналған", - деді Қазақстандағы Ресей елшілігінің қорғаныс істері жөніндегі атташесі Эдуард Белашев.
Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Қызыл Армия қатарындағы офицер, Қазақстанның Халық Қаһарманы.