Адвокат Бишімбаевтың Салтанатты абайсызда өлтірдім дегенін мысалмен жоққа шығарды

Sputnik
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Адвокат Жанна Оразбақова Бишімбаевтың Салтанатты абайсызда өлтірмегенін нақты мысалдармен түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңгердің айтуынша, экс-министрдің қылмысы адамды абайсызда өлтіруге мүлдем келмейді.

"Адамды абайсызда өлтіру дегеніміз не? Мысалы, сіз адамды итеріп жіберсеңіз, ол жиектасқа басын соғып, қайтыс болса, оны абайсызда адам өлтіру деп айта аламыз. Сол сияқты балконнан есік, рояль немесе унитазды лақтырсаңыз, ол заттар біреудің басына құласа, оны да абайсызда адам өлтірді дейді. Ал Бишімбаевтың телефонынан шыққан видеолардан және мейрамханада түсірілген бейнематериалдардан біз оның Салтанатқа қасақана дене жарақаттарын салғанын көрдік", - деді Оразбақова бүгінгі жарыссөзде.

Адвокаттың сөзіне қарағанда, Бишімбаев Салтанатты 8 сағат бойы қинаған.
Айта кетері, бұған дейін Бишімбаев қылмысқа қатысым бар деді. Бірақ аса қатыгездікпен адам өлтіргенін мойындамады.
Ал Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді жарыссөзде Бишімбаевты түрмеден шығаруға болмайтынын мәлімдеді.