Бишімбаев тағы бостандыққа шықса, бұдан ауыр қылмыс жасайды – Салтанаттың ағасы

Айтбек Амангелді Бишімбаевтың бойынан адамға тән ештеңе көрмегенін айтты
Sputnik
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді жарыссөзде Бишімбаевты түрмеден шығаруға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтбектің айтуынша, Салтанат ана болуды армандаған. Астрология мектебін ашуды жоспарлады.
"Ол отбасымызда және құрбылары арасында өткен барлық балалар мейрамына қатысты. Балаларға уақытын да, сыйлықтарын да аямады. Кіндік балалары Салтанаттың жоқ екенін білсе де, әлі күнге дейін оған бейнеқоңырау шалып жатады. Жауап береді деп үміттенеді...", - дейді Айтбек Амангелді.
Оның ойынша, Бишімбаев жасаған қылмысы үшін өз жазасын алуы керек.
"Егер ол тағы бостандыққа шықса, бұдан да ауыр қылмыс жасалуы мүмкін. Оның қылмыстары геометриялық прогрессияда өсіп жатыр. Алдағы уақытта не болатынын елестетудің өзі қорқынышты. Мен өзім оның бойынан адамға тән ештеңе көріп отырған жоқпын. Аяушылық пен өкінуге бейімі де жоқ. Мен оның өтірігін қалай көріп тұрмын, сіздер де солай біліп отырсыздар деп сенемін. Бұл жерде ол не айтса да, Салтанатты аса қатыгездікпен өлтіргенін жоққа шығара алмайды. Ал қандықол қылмыскер сіздердің алдарыңызда отыр", - деді ол.
"Ұмытып қалған": прокурор Бишімбаевтың қай жерден қателескенін айтты