Қытайда тас жол опырылып, 18 көлік үйінді астында қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 1 мамыр - Sputnik. Қытайдың оңтүстігіндегі тас жол опырылып, 18 көлік үйінді астында қалды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Сәрсенбі таңертең Гуандун /Оңтүстік қытай/ провинциясында орналасқан "Мэйда" экспресс жолының бір бөлігін опырылып құлады. Апат салдарынан 18 көлік үйінді астында қалды. 31 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады жергілікті билік.
Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар саласы шұғыл жұмыс істеп жатыр.