АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең танымал есімдерді жариялады.
"2021 жылғы санақ кезінде Қазақстанда Азамат есімді 63 мың ер адам және Аружан есімді 73 мың әйел тұрған", - деп хабарлайды ведомство.
10 реттен көп кездесетін 33 мыңнан астам есім және 100-ден астам рет кездесетін 29 мың тектің бары анықталды.
10 000-нан астам рет 136 ер және 146 әйел есімі кездеседі. Осылайша, ер адамдар арасындағы ең танымал есімдер Азамат (63 мың адам), Серік (53 мың адам), Марат (50 мың адам), әйелдерде – Аружан (73 мың адам), Мадина (59 мың адам), Динара (59 мың адам).
Ерлер мен әйелдер арасында танымал болған есімдер – Бақыт пен Сәулет. Ерлерге де, әйелдерге де тән есімі бар адам саны – 585 мың.
Қазақ ер есімдеріне ең көп жалғанған сөздер – "бай", "бек", "жан", "хан". "Бек" өткен ғасырда өте танымал болғанымен, 2000-шы жылдардан кейін бәсеңдей бастады. Бұл ретте құрамында "хан" сөзі бар есімдер соңғы 30 жыл бойы тұрақты түрде өсім көрсетіп келеді.
Әйел есімдерінде ең жиі кездесетін "гүл" сөзі 1950 жылдардан бастап 2000 жылдарға дейін өте танымал болған.
"Қазақтардың қысқа есімдерді көбірек ұната бастағанын да байқауға болады. Бір қызығы, 70-80-ші жылдарды қоспағанда, ерлердің есімдері әйелдердікінен ұзағырақ болған", - деген дерек келтірді мамандар.
Қазақстанда 10 000-нан астам рет 69 қазақ тегі кездеседі. Осылайша, қазақтың алғашқы тектер үштігіне Ахметов (56 мың), Серік (39 мың), Омаров (36 мың) кіріп отыр.
Қазақтар арасында ов, ев, ин (ова, ева, ина) жалғауларына аяқталған тектер үлесі 64% құрайды. Алайда, әр жылы туғандардың тектерін талдаған кезде мұндай тектер үлесінің азаю динамикасын байқауға болады.
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қызықты деректер жариялады
© Photo : Ұлттық статистика бюросы
Көптеген қазақстандықтың -вич, -вна жалғауларынан гөрі ұлы/қызы дегенге көшіп жатқаны да атап өту керек.
Сондай-ақ Қазақстанда атымен де, тегімен де аттас азаматтар саны аз емес. Осы ретте Серік Ахметов (415) пен Айзере Серік (517) деген есімі мен тегі бірдей адамдар ең көп.