Тоқаев бизнеске әкімшілік кедергілерді анықтауды тапсырды

Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты
Sputnik
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.
Кездесу барысында президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Президент бизнес жөніндегі омбудсменді ауыстырды