АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Полиция басқармасының бұрынғы басшысы әйелді зорлағаны үшін сотталды, деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.
Айыптау қорытындысына сәйкес, Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев қылмысты 2023 жылы 12 қарашада өз кабинетінде жасаған.
Іс жабық сот отырысында қаралды.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға тыйым салынды.
Экс-полицей "полиция полковнигі" арнайы атағынан да айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, полиция бастығы 27 жастағы әйелді зорлаған болатын.