Енді тальго Ақтөбеге дейін жүреді

Sputnik
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. "Астана-Қостанай" бағытындағы Тальго пойызының бағдары Ақтөбе станциясына дейін ұзартылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Жолаушылар тасымалы" АҚ-сына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде халық тарапынан осы бағдарға сұраныс жоғары. Осыған байланысты биыл 10 маусымынан бастап 81/82 "Астана-Қостанай" Тальго жедел пойызының бағытын Ақтөбе станциясына дейін ұзартуға шешім
қабылданды.
"Пойыз күнделікті кезеңділікпен, Астанадан жұп күндер бойынша, Ақтөбеден тақ күндер бойынша жөнелтілетін болады", - делінген ресми хабарламада.
81/82 пойызының жолындағы станциялар:
Астана;
Атбасар;
Есіл;
Құсмұрын;
Тобыл;
Қостанай;
Хромтау;
Әйтеке би;
Никельтау;
Ақтөбе;
Айта кетері, жолаушылар пойыздарына жол жүру құжаттарын алдын-ала 45-тен кем емес және пойыз жөнелтілгенге дейін 1 тәуліктен аспайтын мерзімде сатып алуға болады. Кеңейтілген маршрутқа билеттер сатуға шығарылды.