АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Бас прокуратура бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын хабарлады.
Қазіргі кезде 2022 жылғы қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық істерді тергеу шаралары жалғасып жатыр.
"29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны (Қылмыстық кодекстің 362-бабы, 4-бөлігі) үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібіне сәйкес ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды", - делінген ресми хабарламада.
Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеуге қатысты басқа деректері жарилауға жатпайды.