"Бір ғана кілт беріледі": электронды цифрлық қолтаңбаның форматы өзгереді

Енді жеке және заңды тұлғаларғаЭЦҚ-ның бір кілті беріледі
Sputnik
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. 30 сәуірде Қазақстан криптографиялық стандартқа көшеді, оған сәйкес электронды цифрлық қолтаңбаның форматы өзгереді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық куәландыру орталығы.
Өзгеріске сәйкес, жеке және заңды тұлғаларғаЭЦҚ-ның бір кілті беріледі, ол аутентификация үшін де, қол қою үшін де пайдаланылады.
Заңды тұлғаларға арналған ЭЦҚ кілттерінің мынадай талап етілмеген түрлерін қолжетімді тізімнен алып тастау жоспарлануда:
"Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер";
"Кадр бөлімінің қызметкері".
Ұлттық куәландыру орталығы МЕМСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшуді жоспарлап отыр. Барлық бұрын шығарылған тіркеу куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
"Жаңа МЕМСТ 2015 алгоритмі жаңартылған NCALayer арқылы қолданылады. Жаңа нұсқа шыққаннан кейін, қолданба автоматты түрде пайдаланушыға NCALayer жаңартуды ұсынады", - деп жазылған хабарламада.