АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Жеңіс шеруі 9 мамырда Байқоңырда өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Мерекелік шаралар таңғы сағат 8.30-да Жеңістің 75 жылдығына арналған монументке гүл шоқтарын қою және митингіден басталады, деп жазылған жалпықалалық іс-шаралар туралы хабарламада.
Қаланың орталық алаңында әскерилердің қатысуымен Жеңіс шеруі өтеді.
Таңертеңнен бастап 13.00-ге дейін қалалық мәдениет және демалыс саябағында мерекелік шаралар жоспарланған.
1941-1945 жылдардағы Жеңістің құрметіне Байқоңырда "Катюша" қалалық ән флешмобы өтеді. Оған қалалық мәдениет сарайы мен балаларды және шығармашылықты дамыту орталығының өнерпаздары қатысады.
Мерекелік шаралар Жеңістің 79 жылдығына арналған "Жүрегіміздегі Жеңіс жаңғырығы" атты концерттік бағдарламамен аяқталады.