Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина адам құқықтары жөніндегі конвенцияны сақтау принциптерін қайта қарады

Украина адам құқықтары жөніндегі конвенцияны сақтау принциптерін қайта қарады
Sputnik
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Украина соғыс жағдайы кезінде Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан ауытқу параметрлерін қайта қарады, деп хабарлады РИА Новости.
Украина билігі Еуропа кеңесіне сәйкес мәлімдемені сәуір айының басында жолдаған, бірақ бұқаралық ақпарат құралдары бұған қазір ғана назар аударған.
"Украинада әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты Украина Конституциясының 30-34, 38, 39, 41-44, 53-баптарында көзделген адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары соғыс жағдайы кезінде уақытша шектелуі мүмкін", - делінген хабарламада.
Осылайша, шектеулер Украина конституциясының тұрғын үйге қол сұғылмаушылық, хат алмасу құпиясы, жеке өмірге араласпау, жүріп-тұру бостандығы, сөз және пікір бостандығы құқығы, мемлекеттік істерді басқаруға қатысу, белсенді және пассивті дауыс беру құқықтары және басқа да бірқатар құқықтар туралы баптарына қатысты.
Украинада соғыс жағдайы кезінде қолданылған шаралар Адам құқықтарын қорғау туралы конвенция мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактен ауытқу деп саналуы мүмкін. Мұндай әрекеттерге мемлекет мүддесі үшін мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару, коменданттық сағаттар, кіру және шығудың ерекше режимдері, тексерулер, митингілер мен шерулер өткізуге тыйым салу, тұратын жерді немесе тұрғылықты жерді таңдауға тыйым салу немесе шектеу жатады.