Қостанайда зейнеткер полицияға Калашников автоматымен келді

Қостанай қаласында 70 жастағы ер адам полицияға ешқандай тіркелмеген АКМ маркалы автоматы мен 78 дана оқ-дәрісін әкеліп тапсырды
Sputnik
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Қостанай қаласында 70 жастағы ер адам даладан тауып алған Калашников автоматын полицияға тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ішкі істер министрлігінің өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, қазіргі кезде заңсыз қару-жарақты сатып алу акциясы өтіп жатыр. Соның аясында қазақстандықтар 422 атыс қаруын өз еркімен тапсырды.
"Мысалы, Қостанай қаласында 70 жастағы ер адам полицияға ешқандай тіркелмеген АКМ маркалы автоматы мен 78 дана оқ-дәрісін әкеліп тапсырды. Зейнеткер қаруды Тобыл өзеніне жақын жерде сөмкенің ішінде тапқан екен", - деді Алекешев бүгінгі брифингте.
Айта кетері, қару сатып алу акциясы жыл сайын өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу. Тапсырылған қару-жарақ үшін ақша төленеді.
автоматты ойық қару – 369 000 теңгеге дейін (100 АЕК);
ойық ұңғылы мылтықтар мен карабиндер – 184 600 теңгеге дейін (50 АЕК);
тапаншалар мен револьверлер – 140 000 теңгеге дейін;
тегіс ұңғылы мылтықтар – 100 000 теңгеге дейін;