АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) салымшыларының таза инвестициялық кірісі осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша шамамен 569,5 млрд теңгені құрады.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 233,1 млрд теңгеге немесе 69,3%-ға көп, деп хабарлады БЖЗҚ.
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірісі үш айда 3,15%-ды құрады.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірісі 1,37%-ды құрады.
Қордағылар инвестициялық кіріс бірнеше көзден, соның ішінде бағалы қағаздар мен депозиттер сияқты түрлі қаржы құралдары бойынша сыйақыларды, сондай-ақ қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан тұратынын түсіндірді.
Сонымен қатар, кіріс сыртқы басқарудағы активтерден де алынуы мүмкін. Қазақстан Ұлттық банк және инвестициялық портфельді басқарушылар зейнетақы активтерін ішкі және шетелде әртүрлі валютада қаржы құралдарына салады. Бұл тұрақты инвестицияларды қайтаруға мүмкіндік береді.
2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Ұлттық банктің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы валюта бойынша мынадай түрге бөлінді:
АҚШ долларындағы қаржы құралдары – 33,16%,
ұлттық валютада – 66,81%.
Жұмыс берушілерден түсетін кіріс есебінен қалыптасатын зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі тек теңгемен көрсетілген қаржы құралдарынан тұрады.
БЖЗҚ хабарлағандай, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап және 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін инвестициялық кіріс 845,3%-ды құрағады. Бұл ретте инфляция жалпы кезеңдегі 776,5%-ды құрады. Осылайша, ұзақ мерзімді келешектп жинақталған инвестициялық кіріс инфляция деңгейінен асып түсті.
БЖЗҚ Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік бар деп мәлімдеді.