Қазақстандық полицейлер Украинада интернет алаяқтарды ұстауға қатысты – видео

Sputnik
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын құрықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің мамандары қызметтік іссапар барысында Украина мен Чехия полициясымен бірлесіп, арнайы операция өткізді. Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылды. Сол жерде отырған алаяқтар қазақстандықтарға қоңырау шалып, өздерін банк мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Сөйтіп, есепшот деректерін алуға тырысқан. Екі ортлықта 9 адам ұсталды. 17 компьютер, 62 мобильді құрылғы, сондай-ақ 35 грамм "метадон" препараты тәркіленді.
Ал Одесса қаласында үш алаяқтық call-орталық жойылды. Алаяқтар жалған инвестициялық компанияларды жарнамалап, біраз адамды алдаған. Ол жақта 23 адам ұсталды. 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 8 автокөлік, 58 ноутбук, 52 смартфон, 100-ден астам sim-карта, сондай-ақ 200 мың АҚШ долларынан астам сомаға цифрлық активтер тәркіленді. Қазіргі кезде тергеу және жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.
Қоғам
Елімізде интернет-алаяқтық өршіп тұр: қазақстандықтар 6 млрд теңгесінен айырылған