Ресей СІМ Қазақстанмен шекарада қалып қойған тәжікстандықтарға қатысты түсінік берді

Күшейтілген қауіпсіздік шаралары ел аумағына кіргендердің азаматтығына байланысты емес, деп хабарлады Рейсей СІМ
Sputnik
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Ресей шетел азаматтарының ел шекарасын кесіп өту кезіндегі қолайсыздықтарды жедел шешу үшін кешенді шаралар қабылдауда. Бақылау-өткізу бекеттеріндегі күшейтілген қауіпсіздік шаралары уақытша және ел аумағына кіретіндердің азаматтығына байланысты емес, деп хабарлады РФ сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.
Бұған дейін Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі Душанбедегі Ресей елшісі Семён Григорьевке республика өз азаматтарының Ресей шекарасын кесіп өту кезінде соңғы уақытта туындап жатқанпроблемаларға алаңдайтынын хабарлаған.
Мария Захарова шетелдіктердің Ресей мен Қазақстан шекарасын кесіп өтуіндегі қиындықтар Crocus City Hall-да болған терактіден кейін пайда болған лаңкестік қауіп-қатердің сақталуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтумен байланысты екенін хабарлады.
"Осыған байланысты мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде, соның ішінде бірқатар әуежайда паспорттық бақылау кезінде кешігулер орын алуда, ресейлік тарап осы жағдайды тезірек шешу үшін жан-жақты шаралар қабылдауда", - деп жазылған сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған Захарова түсініктемесінде.
Ресей тараптар бұл жағдайға қатысты түсіністік танытады деп сенеді. Сондай-ақ сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мұндай қадамдар уақытша екенін және елге кіретін адамдардың ұлтына қарамастан жасалатынын баса айтты.