АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстан Ауғанстанмен ынтымақтастық жүргізуге дайын, Астана ел билігіндегі өзгерістің сәтті екенін көріп, Ауғанстанды тыныш ел деп санайды.
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин сауда қатынастарын дамыту, Ауғанстан экономикасына инвестиция тарту және транзит мәселелеріне қатысты тәліп* әріптесі Мұхаммед Абдул-Кабирмен кездесуінде осылай деп мәлімдеді.
Қос тараптың кездесуінде талқыланған нақты мәселелердің ішінде Қазақстандағы ауған студенттеріне шәкіртақы беру, Кабул мен Алматы арасындағы тұрақты рейстерді қалпына келтіру бар.
*Террористік әрекеті үшін ұйымға БҰҰ-ның санкциялары енгізілген