Қазақстанда өмір сүру жасы ұзарды

Халықтың ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматы қаласында тіркелді
Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. 2023 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 75,09 жасқа жетті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл соңғы 25 жылдағы рекордтық көрсеткіш.
Ведомство Қазақстандағы халықтың өмір сүру ұзақтығы тұрақты түрде артып келе жатқанын хабарлады.
Бюроның мәліметінше, тек пандемия кезінде бұл көрсеткіш төмен болды. 2020-2021 жылдары бұл көрсеткіш ұзаққа созылған өсімнен кейін төмендеді, бірақ кейін қайтадан қалпына келді.
"Қалада өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – сәйкесінше 75,73 және 74,02 жас. Гендерлік тұрғыда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 79,06 жасты (2022 жылы – 78,4), ерлер арасында – 70,99 жасты (2022 жылы – 70,2) құрады", - делінген хабарламада.
Туған кездегі өмір сүру ұзақтығының ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында – 78,28 жас, ал ең төмені – Ұлытау облысында – 72,41 жас деңгейінде тіркелді.
Былтыр 388 мыңнан астам бала дүниеге келді – қай өңірлерде туу көрсеткіші жоғары