Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Польша кеденшілері Украина армиясына арналған жүкті жеткізуге тосқауыл қойды

Агенттік материалында жанжал "Зосин-Устилуг" шекара бекетінде шыққаны айтылған
Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір - Sputnik. Польша кедені Украинаға бірнеше ондаған автокөлікті, оның ішінде Украина қарулы күштеріне арналған автокөліктерді алып шықпақ болған украиналықтарды елден шығармай жатыр, деп жазды украиналық Strana.ua басылымы әлеуметтік желілерге сілтеме жасап.
"Польша кеденшілері Украинаға 20-ға жуық автокөлікті, оның ішінде Украина қарулы күштерінің қажеттіліктеріне арналған автоліктерді алып шықпақ болған украиналықтардың шығуына тосқауыл қойды", - делінген хабарламаның мәтінін келтіреді РИА Новости.
Басылымның Telegram-каналында жарияланған кадрларда поляк полицейлері, көліктер тиелген бірнеше трал және украин тілінде сөйлейтін бір топ ер адам көрінеді. Агенттік материалында жанжал "Зосин-Устилуг" шекара бекетінде шыққаны айтылған.
Ақпан айынан бері Польшада шаруалар Украинамен шекарадағы жолдар мен бақылау-өткізу бекеттеріне кіре берістерді жауып, наразылық танытып жатыр. Олар Украинадан Польшаға ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын тоқтатуды және 2050 жылға қарай атмосфераға шығатын зиянды заттардың көлемін нөлге жеткізуді көздейтін ЕО жариялаған "жасыл келісімнен" бас тартуды талап етеді.