АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Ресей орталық банкі "ЕАЭО-ның 10 жылдығы" естелік күміс монетасын айналымға шығарды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
"Еуразиялық экономикалық одақтың 10 жылдығына арналған естелік күміс монетаны айналымға шығардық", - делінген хабарламада.
Номиналы 3 рубль болатын күміс монета (бағалы металдың таза салмағы 31,1 грамм, қорытпаның жұқалығы 925) диаметрі 39 миллиметрлік дөңгелек пішінді.
Алдыңғы және артқы жағындағы монетаның айналасына шығыңқы жиегі бар.
Монетаның бет жағында Ресей Федерациясының Мемлекеттік елтаңбасының бедерлі бейнесі, "Ресей Федерациясы", "Ресей Банкі" деген жазулар, монета номиналы "3 рубль", күні "2024 жыл", Менделеев жүйесі бойынша металл белгісі бар, қорытпа үлгісі, Санкт-Петербург монета сарайының тауар белгісі және асыл металдың таза салмағы жазылған.
Монетаның сырт жағында "ЕАЭО" деген жазу бейнеленген; жоғарғы жағында – ЕАЭО эмблемасы және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және ЕАЭО бақылаушы-мемлекеттерінің: Куба мен Өзбекстанның жартылай шеңберлі ою-өрнектері, Төменгі жағында рельефті жазулар бар: айналдыра - "Еуразиялық экономикалық одақ", оның үстінде екі жолға - "10 жыл" деген жазу бар.
Монетаның бүйір беті бедерді үлгіде жасалған. Монетаның таралымы 3000 дана.
2024 жылы Еуразиялық экономикалық интеграцияның негізгі құжаты – 2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толады.
Еске салсақ, ЕАЭО құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Ресей және Беларусь кіреді.