Үш адамның өмірін қиған Алматыдағы автобус апаты: жолаушы 8 жылға сотталды

Sputnik
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты былтыр желтоқсанда үш адамның өліміне себеп болған автобус апаты ісі бойынша үкім шығарды.
Айыпталушы - 32 жастағы Дархан Ахметжанов. Ол автобус жүргізушісін соққыға жығып, салдарынан қоғамдық көлік үш адамды қағып кетті.
Ол қылмыстық кодекстің 351-бабының 3-бөлігі (көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ережелерді бұзу) бойынша, 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды.
Ахметжанов 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзету мекемесінде өтейді.