"Семей орманында" тағы өрт шықты

Болжам бойынша 0,22 гектар аумақтағы өрт оқшауланды
Sputnik
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Абай облысы Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" филиалының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Өртеніп жатқан аймақ техниканың жетуі қиын батпақты жерде орналасқан. Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды.
Болжам бойынша 0,22 гектар аумақтағы өрт оқшауланды.
Еске салсақ, былтыр Семей орманының 10 проценті күлге айналды. Тілсіз жаумен күрескен 14 орманшы қаза тапты.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, өрттің шығуына құрғақ ағашқа жоғары вольтті электр желісінің құлауы себеп болған.
"Семей Орманы" резерватының трагедиясы қайталанбауға тиіс – Бозымбаев