Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей үкіметі арнайы операцияда қаза тапқандардың отбасыларына арналған төлемдерді бекітті

Қаулы біржолғы әлеуметтік төлемдердің қазіргі қолдану аясын кеңейтеді
Sputnik
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Ресей Федерациясының үкіметі арнайы әскери операцияда қайтыс болған федералдық жазаны атқару қызметі, өртке қарсы қызмет және кеден органдарының бұрынғы қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй үшін біржолғы әлеуметтік төлемдер туралы қаулыны бекітті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Қол қойылған қаулы федералдық жазаны атқару қызметі, федералдық өртке қарсы қызмет және кеден органдарының қайтыс болған қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін біржолғы әлеуметтік төлемдердің қазіргі қолдану аясын кеңейтеді", - деп жазылған материалда.
Осы уақытқа дейін мұндай төлемдер федералдық жазаны атқару қызметі, федералдық өртке қарсы қызмет және кеден органдарының қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған жағдайда олардың отбасыларына берілетін. Енді аталған бөлімшелерден жұмыстан шыққан туыстары қарулы күштер немесе ерікті құрамалар құрамында болған және арнайы әскери операция кезінде қаза тапқан отбасыларға төлем төленетін болды.