АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңына түзетулер енгізілді.
Заңда "Айбын" орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған.
Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Заңда "Айбын" орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған.
Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
"Мемлекеттік наградаларды атақты тұлғалардың атымен атау тәжірибесі көптеген елде бар. Мұндай қадам халық қаһармандарының есімін ұлықтауға, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға және отаншылдық сезімді оятуға зор үлес қосады. Атырауда өткен Ұлттық Құрылтай отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Айбын" орденінің дәрежелеріне ұлт батырларының есімін беруді ұсынды. Сондай-ақ президент Талдықорғандағы әскери авиабазаға Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің есімін беру туралы мәселе көтерді. Бұл бастамалар келесі жылы 80 жылдығы атап өтілетін ортақ жеңіске өлшеусіз үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлеріне жасалған шексіз құрметтің белгісі", - деп жазды президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин.