АСТАНА, 26 сәуір– Sputnik. Астанаға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесіне қатысушылар келді, деп хабарлайды елдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі өз жұмысын бастайды.
Астанаға ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері келді
© Қазақстанның қорғаныс министрлігі
Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде өткізілетін іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.
Сонымен қатар, отырысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы, ШЫҰ аймақтық терроризмге қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры және Беларусь қорғаныс министрі шақырылған.