АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Елордадағы Алматы ауданы екіге бөлініп, қайта құрылады, деп хабарлайды Астана әкімдігі.
"Халық санының өсуіне және аумақтың қала құрылысы инфрақұрылымының белсенді дамуына байланысты, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық басқаруды оңтайландыру мақсатында Астана қаласында Алматы ауданын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген әкімдік хабарламасында.
Бұған дейін елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов Астанада алтыншы аудан құру туралы бастама көтерді.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес аталған ауданды екі бөлікке бөлу ұсынылады:
өзінің тарихи атауын сақтайтын – Алматы ауданы (ауданы –8 518 га);
жалпы ауданы 6 953 га болатын жаңа әкімшілік аудан.
Құжат жобасы жария талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.