Фото

Апат болған Чернобыль атом электр станциясының қазіргі көрінісі – фото

Арада қырық жылдай уақыт өтсе де Чернобыль апатының нақты себептері әлі толық анықталмаған. Реактор апатынан кейін атом электр станциясының маңы әлі де оқшауланған аймақ болып тұр. Нысанның қазіргі күйі қандай екенін суреттер топтамасынан тамашалаңыздар
Sputnik
1986 жылдың 26 сәуірінде тарихтағы ең ірі техногендік апаттардың бірі Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыс болды. Реактордың белсенді аймағы толығымен жойылып, қоршаған ортаға көптеген радиоактивті заттар тарады.
38 жылдан кейін бұл аймақта тұруға әлі де тыйым салынған және радиацияның жоғары деңгейіне байланысты өте қауіпті болып қала береді.
Сол кезде 30 мыңнан астам қазақстандық Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысты.
Оқшауланған Чернобыльды аймағының қазіргі көрінісін суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.
1 / 15

1986 жылы сәуірдің 25-інен 26-сына қараған түні Чернобыль атом электр станциясында турбогенераторлар сынақтан өтті. Сынақ кезінде төртінші энергоблоктың реакторын өшіру, генератор көрсеткіштерін өлшеу және апаттық салқындату жүйесін өшіру қарастырылды.

Суретте: Припять қаласындағы қараусыз қалған ғимарат.

2 / 15

Барлығы анық жоспарланған.

Суретте: Чернобыль атом электр станциясының оқшаулау аймағындағы қараусыз қалған балабақша.

3 / 15

Диспетчерлік шектеулерге байланысты реакторды тоқтату бірнеше рет кейінге шегерілді.

Суретте: "Дуга 1" Чернобыль радары.

4 / 15

Энергоблокта проблемалар туындады: реактордың қуаты басқарылмай қалып, ол ұлғая бастады. Бұл жарылысқа әкелді.

Суретте: Припять маңындағы қараусыз қалған қоян фермасы.

5 / 15

Апат зардаптарының ауқымы әлі толық бағаланған жоқ. Қайғылы оқиға мыңдаған адамның өмірін қиып, миллиондаған халықтың тағдырын күл-талқан етті. Олардың ішінде Чернобыль АЭС қызметкерлері, апатты жоюға қатысушылар, эвакуацияланған адамдар және радиоактивті заттардан зардап шеккен аумақтардың тұрғындары бар.

Суретте: Припять қаласындағы қараусыз қалған ғимараттағы ескі журналдар.

6 / 15

1986 жылы сәуірдің 25-інен 26-сына қараған түні жарылыс станцияның төртінші энергоблогының реакторын толығымен қиратты.

Суретте: Чернобыль атом электр станциясының қираған 4-ші реакторының үстіндегі жаңа саркофаг.

7 / 15

38 жылдан кейін де Чернобыль аймағы – атом электр станциясының айналасындағы үлкен ластанған аумақ.

Суретте: Украинаның Припять қаласындағы қараусыз қалған мектепте газдан қорғануға арналған жабдықтар шашылып жатыр.

8 / 15

Апат салдарынан көптеген елдің аумағы радиоактивті заттармен ластанды.

Суретте: Чернобыльдағы қараусыз қалған пәтердің терезесіндегі нота дәптері.

9 / 15

Жоғары радиация Польшада, Германияда, Австрияда, Румынияда және басқа елдерде тіркелді.

Суретте: Чернобыльдағы қараусыз қалған үйдегі пошта жәшіктері.

10 / 15

КСРО-ның Еуропадағы бөлігіне тараған радиоактивті бұлт тіпті АҚШ, Канада және Жапонияға дейін жетті.

Суретте: Припять қаласындағы шолу әткеншегі.

11 / 15

Чернобыль апаты миллиондаған адамның өміріне әсер етті.

Суретте: Чернобыль атом электр станциясының оқшаулау аймағындағы қараусыз қалған балабақша.

12 / 15

Қазақстаннан Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға әскери комиссариаттардың шақыртуымен 32 мың азамат аттанды. Олардың аман қалғандарының саны 2021 жылға қарай бес мыңнан сәл астты.

Суретте: Припять қаласындағы қараусыз қалған ғимараттағы ескі плакаттар мен саяси қайраткерлердің портреттері.

13 / 15

Апат зардаптарын жоюға сол кезде басқа одақтық республикаларда әскерде болған қазақстандықтар да атсалысты.

Суретте: Чернобыльдағы қараусыз қалған ғимаратта Лениннің суреті бар плакат.

14 / 15

Чернобыль апатынан аман қалған қазақстандықтардың бірінің айтуынша, олар "көзге көрінбейтін жаумен шайқасып, адамдар мен жерді қорғады".

Суретте: Припять маңындағы қараусыз қалған қоян фермасы.

15 / 15

"Радиация – көзге көрінбейтін жау, ол бізді өлтіруді дәл көздеп, бізге оқ жаудырды", - деп бөлісті Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюшылар сол қорқынышты оқиғаны еске алу кезінде.

Суретте: 2019 жылғы маусымдағы Чернобыль атом электр станциясы.