Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын ауыстырды

Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк қызметінен босатылды
Sputnik
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Қоғам
Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде өтеді