АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Ақтөбеге Тәжікстан Республикасы жөнелткен гуманитарлық көмек келді. Көрші мемлекет әртүрлі құрылыс материалдары бар бірнеше вагон жіберген, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысына Тәжікстаннан гуманитарлық көмек келді
© Photo : Пресс-служба акима Актюбинской области
Тәжікстан үкіметі табиғи апаттан зардап шеккен еліміздің тоғыз облысына 50 вагон гуманитарлық көмек жеткізді. Жүктің жалпы салмағы – 2 518 тонна.
"Ақтөбе облысына 9 вагон бөлінді, оның ішінде 27 360 литр ауыз суы, 5400 дана асбест-цемент шифері, 60 тонна шеге, 70 тонна ағаш материал, 240 тонна цемент бар", - деп жазылған хабарламада.
Бұл көмек су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде бағытталып отыр.
Ақтөбе облысына Тәжікстаннан гуманитарлық көмек келді
© Photo : Пресс-служба акима Актюбинской области
Айта кетері, гуманитарлық көмекті қабылдау мен түсіруге әскери қызметшілер жұмылдырылды.