Су тасқыны салдарынан эвакуацияланған 31 мың адам үйіне оралды

8 566 адам эвакуациялау пункттерінде қалды
Sputnik
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны туралы сағат 10.00-дегі ақпаратты хабарлады.
Қазақстан бойынша барлығы 31 112 адам үйіне оралды. Эвакуациялық пункттерде 8 566 адам қалды, оның 3 718-і балалар.
5 677 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан су бұрылды және сорылды;
11,7 млн м3 астам еріген су сорылды;
5,5 миллион қап пен 1,5 миллион тонна инертті материал төселді;
сенім телефонына 2 205 қоңырау түскен.
Айта кетері, "Қазгидромет" РМК-ның Атырау облысы бойынша жүргізген гидрологиялық мониторингі деректеріне сәйкес, Жайық өзеніндегі судың көтерілуі жалғасып жатыр.
24 сәуірдегі мәлімет бойынша Ресейдің Иректі су қоймасынан секундына 192 текше метр су ағып жатыр.