Тоқаев Қырғызстанмен авиациялық ынтымақтастық турал заңға қол қойды

Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорд.
Бірінші заң әуеден іздестіру және құтқару жөніндегі қазақ-қырғыз үкіметаралық келісімін ратификациялайды.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғыз Республикасының министрлер кабинетінің арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды", - делінген хабарламада.
Екінші заңда ЕАЭО елдерінде дипломдар мен ғылыми дәрежелерді өзара тану туралы айтылған.
"Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды", - деп жазды Ақорда.
Құжаттардың мәтіндері баспасөзде жарияланды, деп еске салды президенттің баспасөз қызметі.