Фото

Исландиядағы ғажайып көрініс: атқылаған жанартау және солтүстік шұғыласы - фото

Исландияда екі ғажайып табиғат құбылысы бір уақытта көрініс берді - жанартау атқылауы мен теріскей шұғыласы әдемі үйлесім тапқандай. Әсерлі фотоларды суреттер топтамасынан тамашалаңыздар!
Sputnik
1 / 6

Фаградальсфьядль деген күрделі атауы бар жанартау шамамен 6 мың жыл бойы "ұйықтап жатты". Бір-екі жыл бұрын ол қайтадан оянды.

Суретте: Исландияның Гриндавик қаласының маңында атқылаған жанартау мен оның үстінде жарқыраған солтүстік шұғыласы.

2 / 6

Табиғаттың бұл көрінісі шоу кезінде қолданылатын арнайы шамдардың жарығына ұқсайды: жерден жанартау атқылап, аспанда сәулелер жарқырайды.

3 / 6

Фаградальсфьядль жанартауы Исландияның Гриндавик қаласына жақын жерде орналасқан. Қазір бұл аумақтан тұрғындар жиі көшіріліп жатыр. Өйткені жанартау атқылауы оларға қауіп төндіреді.

4 / 6

Бірақ туристер бұл қауіптен қорықпайтын секілді. Керісінше, олар осы ғажайып көріністі жергілікті билік рұқсат еткен шекте мүмкіндігінше жақыннан тамашалау және суретке түсіру үшін бұл аймаққа көптеп келіп жатыр.

5 / 6

Оянған жанартау үстінде жарқыраған солтүстік шұғыласы суреттерге өзгеше әсер беріп тұр. Кейбір адамдар бұл таңғажайып құбылысты дрондар арқылы түсіріп жүр.

6 / 6

Бұл көріністер фантастикалық фильмдегі көріністерді еске түсіреді. Табиғаттың мүмкіндігіне таңғалмаса болмайтын секілді!