АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты" аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртімен күрес жалғасып жатыр.
Төтенше жағдайлар минстрлігінің хабарлауынша, елді мекендерге қауіп жоқ.
"Қазавиақұтқару" тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілді.
"Авиациялық техниканы пайдалану және жетуі қиын жерлерге орман шаруашылығының қызметкерлері мен өрт сөндірушілер барды. Нәтижесінде жекелеген өрт ошақтары сөндіріліп, жақын маңдағы шаруа қожалығы аман қалды", - делінген хабарламада.
Батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты жел өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатып жатыр.
Алматы облысы ТЖД бастығы Асқар Тойшыбеков өрт шыққан аумаққа барды. Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылып жатыр.
Еске салсақ, табиғи резарватта өрт 22 сәуірде тұтанған еді.