Су тасқыны: министрлік өңірлердегі жағдай туралы соңғы ақпаратты бөлісті

Sputnik
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына қарсы күрес жүргізіліп жатқан өңірлердегі соңғы жағдай туралы ақпаратты бөлісті.
Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде. Алдын ала эвакуацияланған тұрғындар эвакуациялық пункттер мен туыстарының үйлерінде, сондай-ақ үй жануарлары құтқарылды. Өңірде барлығы 1,2 млн астам қапшық және 22 мың тонна инертті материал төселді.
Атырау облысында бір апта ішінде Жылыой ауданының Құлсары қаласында жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен 86 мыңнан астам текше метр су сорылды.
Солтүстік Қазақстан облысында қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Есіл өзені су деңгейінің төмендеуі байқалады.
Осы сағатта 24 496 адам өз үйлеріне оралды. 8 850 адам, оның ішінде 3 840 бала эвакуациялау пункттерінде.
4 608 тұрғын үй мен 2 774 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 11,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,3 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Олжас Бектенов біржолғы өтемақы төлеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды