АСТАНА, 22 сәуір - Sputnik. Облыстағы жағдай тұрақты күрделі болып қала береді. Сергеев су қоймасы 169%-ға толды, бөгеттің жотасы арқылы судың толып кетуі 360 см (тәулігіне -3 см) құрайды.
Су тасқынының екінші толқыны Есіл ауданында өтеді. Покровка ауылының гидробекетінде су деңгейі 27 см–ге, Новоникольскоеде – 29 см-ге арты, деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ОКҚ брифингінде.
"Үйлерді су басудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Бірінші толқынның суы кеттіп жатыр, екінші толқын бойынша Қазгидрометінің мамандары үлкен су келеді деген болжам жасаған жоқ, яғни бірінші толқындағыдай салдары болмайды", - деп атап өтті спикер.
Су тасқыны басталғаннан бері СҚО-да 3419 үй су астында қалды, қазір су 196 үйден кетті. Облыс бойынша 3223 үй су астында қалды, үй маңын су басқан аумақтар – 1115. Облыс бойынша барлығы 14388 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3596 бала бар. Үйлеріне 764 адам оралды. Эвакопунктерде 906 адам орналастырылған. Туыстарына 12718 адам кетті. Петропавлда 5, ал аудандарда 8 эвакопункт бар.
Қазір облыста су тасқынына қарсы іс-шараларға СҚО ТЖД құтқарушылары, сондай-ақ Астана қаласы, Түркістан, Қарағанды, Павлодар мен Ұлытау облыстарынан келген ТЖМ күштері жеке құрамының 4296 адамы, 885 бірлік техника, 500-ге жуық мотопомпа, 133 жүзу құралы және 3 әуе кемесі жұмылдырылды. 8,5 шақырым бөгет салынды, 25 шақырымы нығайтылды.