Қазақстандықтар Таиландқа визасыз бара алады

Келісім мемлекеттік ішкі рәсімдер аяқталғаннан кейін күшіне енеді
Sputnik
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов визалық талаптардан босату туралы Таиландпен келісім жобасын мақұлдады.
"Бір тарап мемлекетінің азаматтары, қолданылу мерзімі кемінде 6 айдан кем болмауға тиіс жарамды жол жүру құжаттарының иелері, екінші тарап мемлекетінің аумағына келу, одан кету, транзитпен өту, онда уақытша болу үшін келген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын, күнтізбелік 180 күндік әр кезең ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күн болатын кезеңге визалық талаптардан босатылады", - делінген келісім жобасында.
Яғни, қазақстандықтар Таиландта үздіксіз 30 күн бола алады. Ал алты айдың ішінде барлығы 90 күн жүруге болады.
Келісім екі елдегі ішкі рәсімдер аяқталған күннен кейін күнтізбелік 30 күннен соң күшіне енеді.