АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. LRT учаскелеріндегі жұмыстарға байланысты Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы уақытша өзгереді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осылайша, 24 сәуір мен 30 қараша аралығында Сығанақ көшесінің бойында Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысын толығымен шектеу жоспарланып отыр.
"Ол жерде "Абу-Даби Плаза" бизнес орталығының ғимаратымен интеграцияланған 112-LRT станциясының құрылысына қатысты жұмыстар жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Бұл ретте Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесі бойындағы қозғалыс ашық болады.
Елорда қонақтары мен тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.