АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Елімізде су тасқынының бірінші толқынынан кейін 22 мыңнан астам адам үйлеріне оралды, деп хабарлайды ТЖ министрлігі.
"Осы сағатта 22 734 адам өз үйлеріне оралды. 8 809 адам, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 536 тұрғын үй мен 2 767 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 11,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 4,6 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді", - делінген хабарламада.
Қазір Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында үйлер мен аумақтардан су сору жұмыстары жүріп жатыр.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына Жайық өзені арқылы Ресей жағынан келетін су тасқынының екінші толқыны ерекше бақылауда.
Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында 81 523 қапшық және 2 770 тонна инертті материал төселді, бөгеттердің іргесін көтеру және нығайту жұмыстары жалғасуда. Ал Атырау облысында 824 мың қапшық және 2 700 тонна инертті материал төселді, 4 424 км бөгет тұрғызылды, бөгеттердің іргесі нығайтылып жатыр, деп атап өтті ТЖМ.
Ведомство тұрғындарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.