Құжаты жоқ саяжайды су басқан жағдайда баспана беріле ме – министрліктің жауабы

Бүгінде жергілікті әкімдіктер жер телімдерін анықтап, дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен саяжай иелеріне де көмек беріледі. Жалғыз баспана болған жағдайда құжаты болмаса да үй бөлінеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің ресми өкілі Меруерт Ибраеваның айтуынша, су тасқыны болған аймақтардағы саяжай тұрғындары да назардан тыс қалмайды.
"Тұрғын үй құжаты болмаған жағдайда меншік құқығын "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және денсаулық сақтау органдары растайды", – дейді Ибраева.
Тұрғын үй құрылысы уәкілетті орган мен әкімдіктер бекіткен үлгілік жобаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Министрлік үш климаттық шағын аудан бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған типтік жобаларды әзірледі. Олар:
Ауданы 80 шаршы метр бір отбасылық тұрғын үй. Құрылыстың болжамды мерзімі – 1,5 ай;
Ауданы 160 шаршы метр екі пәтерлі тұрғын үй. Құрылыстың болжамды мерзімі – 2,5 ай .
Бүгінде жергілікті әкімдіктер жер телімдерін анықтап, дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Үш жедел топ құрылды, оның құрамына салалық мемлекеттік органдардың вице-министрлері кірді. Жедел топтар су басқан аймақтарға барып, сол жердегі ахуалмен танысты, жетекшілік ететін салалардағы объектілерді аралап, жан-жақты тексерді. Штаб өкілдері Ақтөбе, ⁠Қостанай, БҚО, ⁠Атырау, Павлодар, ⁠Абай, ⁠Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарын аралап шықты.