"Мұғалімдер ұрлап жатыр": Петропавлда фейк таратқан әйел жауапқа тартылды

Мектеп директоры полицияға шағым түсірді. Сот өтірік айтқан тұрғынға 36 920 теңге айыппұл салды
Sputnik
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Петропавл қаласының тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
27 жастағы әйел мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлап жатқаны туралы дауыстық хабарламаны біреуге жіберген. Ол WhatsApр чаттарда кеңінен тарап кеткен.
Мектеп директоры полицияға шағым түсірді. Тексеріс жасалды. Әйелдің айтқан ақпарат жалған болып шықты.
"Кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 АЕК - 36 920 теңге айыппұл салынды", - дейді полицейлер.
Осы орайда тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершіліктің бар екенін еске салды.
Тасқын кезінде жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады