Өңірлер

Батыс Қазақстанда 3 мыңнан астам саяжай үйін су басты

Тоғыз елді мекенмен көлік қатынасы үзілді
Sputnik
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 3 300-ге жуық саяжай үйін тасқын су басты.
Өңірлік ТЖД ақпаратынша, облыста 21 жол төсемін су шайып кеткен. Қазір бұл учаскелер бақылауда.
9 елдімекенмен (Қаратөбе ауданы: Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс ауылдары, Шыңғырлау ауданы: Ақтау ауылы) көлік қатынасы үзілді.
"Жергілікті ауқымда 6 төтенше жағдай (БҚО, Орал қаласы, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандары) жарияланды. Саяжайлардағы 3 294 үйді су басты", - делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілу қаупі сақталуда. Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Құтқарушылар барлығы 13 777 адамды эвакуациялады, оның ішінде 5 717 бала бар. Эвакуациялық пункттерге 2 314 адам, соның ішінде 998 бала жайғастырылды. 11 463 адам туыстарына кеткен.
4 925 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды.
ТЖД ақпаратынша, облыс бойынша барлығы 1 020 мың текше метр еріген қар суы сорылды, 1 082 662 қапшық және 16 253 мың тонна инертті материал төселді.
Апатты-құтқару жұмыстарына 10 519 адам, 1 784 техника, 212 су сору құралы, 164 жүзу құралы және 4 тікұшақ жұмылдырылған. Өзге өңірлерден қосымша күштер мен құралдар тартылды.
Қоғам
Су тасқыны: 8,8 мыңнан аса отбасы мемлекеттен көмек алды