Баспанасы жарамсыз болып қалған тұрғындарға мәселені шешудің екі жолы ұсынылады

Үкімет жаңа тұрғын үй салуға немесе дайын тұрғын үйді сатып алуға қаржы бөледі
Sputnik
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерді баспанамен қамту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Су басқан үйді алдымен жөндеу мәселесі қаралады. Ол үшін техникалық байқау жүргізіледі.
"Соның қорытындысы негізінде жөндеу жұмыстарына әкімдік мердігерлері тартылады немесе үй иелері өтемақы есебінен үйін өз бетінше жөндеуге мүмкіндік алады", - дейді министрліктің ресми өкілі Меруерт Ибраева.
Ал үйді қалпына келтіру мүмкін болмаса, мәселені шешудің екі жолы ұсынылады.
жаңа тұрғын үй салу;
дайын тұрғын үйді сатып алу.
Баспананы өз бетінше таңдауға мүмкіндік болады. Бірақ бекітілген стандарттан артық үй берілмейді.
Құжаты жоқ саяжайды су басқан жағдайда баспана беріле ме – министрліктің жауабы