АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. "Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
Бір күн бұрын Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келген болатын.