АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде қазірдің өзінде 206 отбасы 254 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге төлем алып үлгерді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3053 тұрғын үй тексеріліп, 1807 нысан бойынша бағалау жүргізілді.
"Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстың тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға 16 343 өтініш берді", - делінген хабарламада.
Биылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2787 отбасы шамамен 2,4 млрд теңге сомасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Келтірілген материалдық шығын үшін өтемақы көлемі 565,7 млн теңгеге жетті. Бұл қолдау шарасы 1377 отбасын қамтыды.