АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Астананың полиция департаменті мектептерде теракті болады деген ақпарат фейк екенін мәлімдеді.
"Мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да таралып жатқан қала мектептеріндегі терроризм қаупі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Тиісті қызметтер білім беру ұйымдарын тексерді. Тұрғындардан тыныштық сақтауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Полиция көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.