АЛМАТЫ, 19 сәуір - Sputnik. Мемлекет басшысы "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заңдағы түзетулер тауарларды әкелу және әкету кезінде рұқсат құжаттарын алу (ресімдеу) процесін оңайлатады.
Сондай-ақ заң ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестерді ары қарай нығайтады, құқық қолдану практикасы барысында анықталған ЕАЭО-ның қолданыстағы құқықта болған олқылықтарын жояды.
Сонымен қатар заң Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының іс-шараларын іске асыруға мүмкіндік береді.