АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Антикор "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас директорының орынбасары мен Қызылорда облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысын ұстады.
"Алматы су" ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді.
"Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны және бекітілген мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақша төлегені үшін бұрын келісілген 345 млн теңгенің 75 млн теңгесін алған", - деп хабарлады Антикор.
Сондай-ақ Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды.
Күдіктілерге сот санкциясымен "қамауда ұстау" түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған істер бойынша тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.